?2023 жылғы талапкерлер! Ертең негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастаймыз!
?Тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. ⏳ҰБТ өткізу мерзімі: 2023 жылғы 16 мамыр - 5 шілде.
❗️МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар): ?28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1 мүмкіндігіне; ?7 мамыр мен 14 мамыр аралығында 2 мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.
?Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.
?Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.
✅Бұл ҰБТ-ға қатыса алады: ?2023 жылғы мектеп және колледж түлектері; ?мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері; ?шетелде 11(12) сынып білім алушылары; ?қандастар; ?шартты түрде оқып жатқан студенттер.
?Ағымдағы (2023) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.