2024-2025 оқу жылындағы «Жас жауынгер» АӘТД пәні бойынша әскери-спорттық
ойындарының күнтізбелік жоспарына сәйкес (Білім басқармасының 09.09.2024 ж. №1716
бұйрығы) жалпы білім беретін мектеп оқушылары және колледж студенттері арасындағы
«ҚАЛҚАН-2024» қысқы спартакиадасы 2024 жылдың 5 желтоқсанында өткізілді.
Спартакиада мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің жан-жақты дамуын
жетілдіру, әскери қызметке дайындау үшін олардың дене шынықтыру дайындығын және
моральдық-психологиялық қасиеттерін жоғарлату мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыс 2024 жылдың 2-6 желтоқсан аралығындағы Президенттік көпсайыс
жарыстарының (спорт түрлері бойынша) ережелеріне сәйкес 14-17 (қоса алғанда) жас
ерекшелігі арасында өткізілді.
Спартакиада төмендегі жарыс түрлері бойынша:
- пневматикалық мылтықтан ату
- биік білтемірде тартылу;
- арқаға жатып денені көтеру;
- шаңғы жарысын қамтыды.
Аталған спартакиадаға колледж студенттері де қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Биік білтемірде тартылудан командалық есепте 1 орынды, пневматикалық мылтықтан
оқ атудан командалық есепте 1 орынды иеленсе, ал арқаға жатып денені көтеруден Полина
Витальевна Радковская 3 орынды жеңіп алды.
Колледждің намысын қорғаған студенттеріміз Д.А.Фрик, А.А.Анчаревич,
П.В.Родковскаяға және жетекшілік көрсеткен АӘТД оқытушысы Е.Мендигалиев пен дене
тәрбиесі оқытушыларына алғыс айта отырып, жеңістерімен құттықтаймыз!