Мемлекетіміздің Республика күні елеулі жетістіктермен атап өтіледі. Мерекенің мақсаттарының бірі - жас ұрпақтың бойында толеранттылық, құрмет пен достық сезімін тәрбиелеу.
"Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ колледж әкімшілігі Сіздің құзыреттілігіңіз бен ұзақ мерзімді еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Студенттің өндірістік тәжірибесі кәсіби даярлықтың маңызды кезеңі болып табылады. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру үшін өндірісте алған білімі маңызды деп санаймыз.
Берік серіктестік қарым-қатынастар, қызмет саласын кеңейту, колледж өмірінде жоспарланған іс-шараларға қосқан үлестеріңізге және бірлескен жобаларды іске асыруда жасаған мүмкіндіктер мен тәлімгерлердің кәсібилігі, өзара іс-қимылға ұмтылыстағы ізгі ниеттеріңіз үшін Алғыс білдіреміз! Бұл әлеуметтік серіктестіктің табыстылығының кепілі болып табылатындығын айта отырып, Сізге өркендеу мен кәсіби табыс тілейміз! Серіктестік қатынастарын одан әрі сақтауға және өндірістік практика кезінде ынтымақтастық тұрғысында жаңа бірлескен жоспарларды іске асырамыз деп үміттенеміз.
"Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ колледжі Қазақстан Республикасы күніне орай әлеуметтік серіктестерді Білім Басқармасының Алғыс хаттарымен құттықтады.