КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

«Бизнеске жол тап» байқауы

     2025 жылдың 12 наурызында  Қ.Құлажанов атындағы «Қазақ технология және бизнес университеті»АҚ колледжінде студенттер арасында «Бизнеске жол тап» байқауы өтті.

«Бизнеске жол тап» байқауы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, студенттер арасында кәсіпкерлік бастаманы қолдау мен дамыту, кәсіпкерлік дағдыларын және командалық жұмыс қабілеттерін меңгеру, сондай-ақ бизнес пен стартаптардың негіздерімен танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау барысында қатысушылар, кезеңдерден өтіп, идеядан бастап бизнес бастамасын сәтті жүзеге асыруға дейінгі жолды өтті.

«Бизнеске жол тап» байқауына 22 студенттен тұратын 11 команда қатысты.

Конкурс нәтижелері бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Дипломдармен марапатталғандар:

  • 3-орын – Аскатқызы Асыл, Сыздыков Максим, Кобенбай Ислам, Мухтаров Амир бастаған 2 команда.
  • 2-орын – Сумбаева Дильназ, Нигметова Зарина.
  • 1-орын «Chat Create» бизнес-жоспар жобасына берілді, жобаны Хаусулхан Елнұр мен Жакенов Шыңғыс әзірледі, бұл жоба жасанды интеллектіні пайдаланып, IT қызметтерін әзірлеу және сату бойынша бағытталған. 1-орын алған студенттер «Бизнеске жол тап» қалалық конкурсына қатысатын болады.