Ағымдағы жылдың 9-12 мамыр аралығында жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында III-Республикалық Қ. Құлажанов атындағы ҚазТжБУ кубогына бокстан турнир өтті.
Бұл турнирге Қазақстан Республикасының 8 өңірінен барлығы 373 боксшылар қатысты: Ақмола облысы, Атырау қ., Ақтөбе қ., Павлодар қ., Солтүстік Қазақстан облысы, Астана қ., Қарағанды қ., Түркістан қ.
Төрт күн бойы ҚазТжБУ спорт залының қабырғасының рингінде өз категориялары бойынша біріншілік үшін қызу жекпе-жектер өтті.
Өткізілген турнир қорытындысы бойынша қатысушы спортшылар баға жетпес және орасан зор бокс тәжірибесін алды.
Әр аймақтан келген көптеген боксшылар мектепті бітіргеннен кейін біздің колледжге және университетке түсуге қызығушылық танытты.
Республикамыздың 46-дан астам бокс клубының жаттықтырушылары осындай деңгейдегі турнирді ұйымдастырып, өткізгендігіміз үшін алғыстарын білдірді.
Келесі IV-Республикалық турнирде көптеген боксшы спортшылар қатысуға және үлкен тәжірибе алуға ниет білдірді.
Турнир қорытындысы бойынша ұйымдастырушылардың алдына қойған Қазақстан Республикасының өскелең ұрпағына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатына жетті деп сеніммен айта аламыз!