КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Еңбегімен ел таныған «Дөңгелек үстел»

2025 жылдың 28 наурызында колледжде «Жұмысшы мамандықтары» аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

  • Еңбек ардагерлері мен колледж түлектерімен тәжірибе алмасу, жас маманның ортақ бейнесін

қалыптастыру.

  • Жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сай дипломдық модель құру.
  • Оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс

орындарына бейімделу үшін өзара әрекеттесу жүйесін қалыптастыру.

 

Қатысушылар:

  1. Шақырылған мамандар
  2. Колледж түлектері
  3. Колледж оқытушылары
  4. Студенттер

          2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары» жылы болып жарияланды. Дөңгелек үстелге қонақтар

ретінде келді: Амантурлиев Бауыржан Қасымұлы, Таукенов Максет Қасенұлы, Қуандыкова Мөлдір,

Таскимбаева Анар Нарбаевна, Косанова Индира Мұратқызы, Давыдов Денис Александрович, Әукен

Алтынай Маратқызы.

      Колледж директоры Сурағанов Құрманғазы Құдайбергенұлы білім беру бағдарламаларының

экономика мен бизнестің қазіргі талаптарына сәйкес келуінің маңыздылығын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз», «Теңізшевройл» және басқа ұйымдардың өкілдері түлектердің сәтті мансап құруы

үшін қажетті негізгі құзыреттіліктер туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Еңбек ардагерлері түлектер тек

кәсіби біліммен ғана емес, сондай-ақ бастамашылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілеттері

мен коммуникабельділігімен де ерекшеленуі керектігін атап өтті. Дөңгелек үстел барысында

студенттер өздерінің сұрақтарына жауаптар алып, кәсіби мамандардан ең жақсы кеңестерін тыңдады.

Қонақтар студенттерге табысты болашақ пен үнемі оқуға деген ниет тілеп, қоштасқан болатын.