«Жалпы білім беру пәндері бірлестігінің» онкүндігі жоспарына сәйкес Г.У.Бекежанованың
ұйымдастырумен Информатика пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиада тапсырмасы жасанды
интеллектпен байланысты болды, яғни D-IDI бағдарламасын пайдалана отырып өз жұмыстарын
таныстыру.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - студенттердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру,
ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары , компьютерлік модельдеу, акпараттық
технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.
Олимпиадаға колледждіміздің 1 курс, ГиМД-2401 тобының студенттері қатысты.
Олимпиада қортындысы бойынша:
1-орынды Абуғали Ерсұлтан мен Сәрсембекова Назерке;
2-орынды Ерғали Ерасыл;
3-орынды Өмірбай Сезім иеленді.
Олимпиада қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!