Көрісу күні-халқымыздың бауырмалдық қасиетін анықтайтын, қазақтың ұлттық бірегейлігін
көрсететін ерекше мереке. Бұл тек өткеннің сарқыншағы емес,қазіргі заманға сай жанданып келе
жатқан салт-дәстүр.
Әрбір қазақ бұл күні жақындарына барып, сәлем беріп шынайы ықыласпен құттықтаса, ұлттық
дәстүріміз одан әрі нығайып, болашақ ұрпаққа аманат болып қала береді. Көрісу күні-қазақтың рухани
жаңғыруының,өткенге құрметінің болашаққа деген сенімінің символы.
Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймыз. Көктемнің алғашқы лебін ала
келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Ендеше бүгінгі келіп жеткен жыл баршаңызға
құтты болып, бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мереке әр шаңыраққа
жақсылық, ырыс, несібесін молынан ала келсін деп тілейміз!