2025 жылдың 24-сәуірде Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан мұнай-газ саласында 40 жылдан астам еңбек еткен көптеген мұнай кен орындарын игеруге атсалысқан, білікті инженер – Таубаев Мақсет Қасенұлы “Мұнай газ ісінің негіздері” тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Дәріс сабағы өте қызықты әрі мазмұнды болды.
Мақсет Таубайұлы Англия мен Голландиядағы шетелдік компаниялармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.Сонымен қатар мұнай өндіру технологиясына қатысты техникалық әдебиеттер мен IT-бағдарламалардың 80 пайызы ағылшын тілінде жазылғанын айтып, студенттерді ағылшын тілін үйренуге баса назар аударуға шақырды. Студенттер өздерінің қызықты әрі маңызды сауалдарын белсенді түрде қойып, толыққанды жауаптар алды.