КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Мұражайға саяхат

     2024 жылдың 10 желтоқсаны күні Құқықтану-2401 және ПО-2403 топтары Сәкен Сейфуллин

мұражайына саяхат жасады. Мұражайға саяхат барысында студенттер Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен

шығармашылығы туралы құнды мәліметтер алды.

     Мұражай залдарында Сәкеннің туған жері — Қарашіліктің көрінісі, әке-шешесінің бейнелері,

жастық шағы өткен, оқыған, білім алған елді мекендерінің, Қараөткел мен Ақмоланың сол тұстағы

көріністері бедерленген. Мұражайдағы мұрағат, құжаттар мен Сәкеннің қолжазбалары, тұтынған

сиясауыты, қаламсаптары, кітаптар мен газет-журналдар, т.б. құнды жәдігерлер 6 залда көрініс

тапған. Солардың ішінде кезіндегі мемлекет басшысы Л.Мирзоян сыйға тартқан жазу машинкасы

ерекше көзге түседі. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің көзі тірісінде жарық көрген кітаптар топтамасы,

фотосуреттері мұражай төрінен орын тепкен.

     Мұражай саяхаты барысында студенттер көптеген қызықты даналықтарға көз жеткізді. Атап

өткенде, мұражайда Сәкеннің өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері

жинақталған.

     Бұл саяхат студенттерге ел тарихы мен мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік берді.