2024 жылдың желтоқсан айында колледжде педагогтарға арналған
«Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысын және
студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында
әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: педагогтерге оқытушының басшылығымен
студенттің аудиториялық жұмысы мен өзіндік жұмысының мазмұнына
қойылатын негізгі талаптары мен ұйымдастыру әдістері бойынша әдістемелік
көмек көрсету.
Семинар барысында колледж әдіскері Ш.Р. Айтжанова педагогтерді
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқытушының басшылығымен
студенттердің өзіндік жұмысын және студенттердің өзіндік жұмысын
ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулармен таныстырды. Педагогтер
студенттердің өзіндік жұмысының негізгі міндеттерімен, мазмұнына
қойылатын талаптармен, өзіндік жұмыс түрлерімен, ұйымдастыру әдіс-
тәсілдерімен танысып, меңгерді. Семинар соңында колледж психологы
Ермекова М.А. психологиялық тренинг өткізді. Семинар өз мақсатына жетті.