2025 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласы, А.Бөкейхан көшесі 1А мекенжайында
орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің орталығына «Туризм»
мамандығының 1 және 2 курс студенттері (2402 және 2302 топтары) арнайы пән
оқытушысы және куратормен бірге барды. Әр топқа жеке-жеке екі экскурсия
ұйымдастырылды.
Экскурсия өте танымдық, қызықты және студенттер үшін пайдалы болды, өйткені
олардың болашақ мамандығы – туризм менеджері
Студенттер экспонаттармен, сонымен қатар Қазақстанның және Астана қаласының
тарихымен танысып, экскурсияның дұрыс жүргізілу жолдарын көріп, тәжірибе жинақтады.