Біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыру аясында
Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылған «ӘСЕМ FASHION» жас
дизайнерлердің қалалық байқауына 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді
үлгілеу» мамандығы оқытушылары Утеулиева У.Н. және Балғабекова А.Е.
жетекшілігімен студенттер қатысып 2-ші орын иеленді. Сән көрсетілімінде
неофольклорлық стильдегі топтамалар ұсынылды.
Байқау шығармашылық атмосферада өтті, ал ұсынылған топтамалар
қазылар алқасына сапалы орындалуымен әсер етті. Студенттер тек өздерінің киім
дизайнындағы дағдыларын ғана көрсетіп қоймай, кәсіби сән көрсетілімдеріне
қатысу арқылы бағалы тәжірибе алды. Шара нәтижесінде ұйымдастырушылар
қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, болашақта конкурс жыл
сайын өткізіліп, одан да көп талантты жас дизайнерлерді тартуға үміт білдірді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.