«Worldskills Astana-2024» қалалық чемпионатының ашылуы
Өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 15 мамыр, сағат 11.00.
Өткізу орны: Астана қаласы, Оқушылар сарайы, Әл-Фараби, (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5).
2024 жылдың 15 мамыр күні IX қалалық «WorldSkills Astana-2024» кәсіби шеберлік чемпионатының ресми ашылу рәсімі өтеді.
WorldSkills - қауымдастық құрамына кіретін әлемнің 80-нен астам елінде таралған халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және насихаттау болып табылады.
2014 жылы Қазақстан WorldSkills қауымдастығының 70-ші қатысушы елі болды. 2015 жылы Елордада алғаш рет WorldSkills қалалық чемпионаты өткізілді (2015 жылы 5 құзыреттілік бойынша 6 студент қатысты, ағымдағы жылы 48 құзыреттілік бойынша 292-ден астам қатысушы өтінім берді).
Биыл Worldskills чемпионаты Елордада тоғызыншы рет өтуде. Қалалық байқаудың жеңімпаздары осы жылдың күзінде өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2024» Ұлттық чемпионатына қатысады.
Өткен жылы өткізілген «WorldSkills Kazakhstan-2023» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша Астана қаласының қатысушылары 18 жүлделі орынға (алтын-2, күміс -4, қола-2) және 7 медальонға ие болды. Командалық есепте Қазақстан өңірлері арасында бесінші орынды иеленді.
2024 жылғы 16-28 мамыр аралығында Елорданың 15 алаңында келесі құзыреттіліктер бойынша көшбасшылар анықталады: кірпіш қалау, прототиптеу, кондитерлік іс, ақпараттық кабельдік желілер, жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу, мейрамханалық сервис, дәнекерлеу технологиясы, желілік және жүйелік басқару, наубайхана ісі, сандық бағдарламалық басқару станоктарындағы токарлық жұмыстар, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, инженерлік графика CAD, бизнеске арналған IT шешімдер, шаштараз өнері, аспаз ісі, веб технологиялар, графикалық дизайн, сән технологиясы, мобильді робототехника, бастауыш сыныптарда оқыту, шанақты жөндеу, мобильді қосымшаларды әзірлеу, өнеркәсіптік автоматика, мехатроника, сантехника және жылыту, электр құрастыру, қыш тақтаймен қаптау, әрлеу және сәндік жұмыстары, ағаш ісі, кәсіпкерлік, сандық бағдарламалық басқару станоктарындағы фрезерлік жұмыстар, E-mobility, қонақ үй әкімшілігі, флористика, компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу, мобилография, интернет- маркетинг, мектепке дейінгі тәрбие, дене тәрбиесі және спорт, бейнемонтаж, бұлттық бағдарламалау, электровозды басқару, теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару, (BIM) ақпараттық модельдеу технологиясы, жиһаз өндірісі және т.б.
Чемпионатқа 292 қатысушы, 250-ге жуық сарапшы және 4 мың қонақ қатысады деп күтілуде.
«WorldSkills Astana-2024» қалалық чемпионаты аясында кәсіби шеберлік бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында Abilympics (Абилимпикс), есту қабілеті бұзылған оқушылар арасында Deafskills және мектеп оқушылары арасында Jasskills кезекті жарыстары да өтеді.
Жоба еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық дамуын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Бұл жоба еліміздің жас мамандарының мақсатты қозғалысы, өйткені басты мақсат – лайықты жұмысты табу, жұмыс орындарын қажетті мамандармен қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша 87024222150, 87015068939 (техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі), 87755013381 (техникалық делегаттың көмекшісі) телефондарына хабарласуға болады.