2024 жылдың 29 мамыр күні сағат 15.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында IX қалалық «WorldSkills Astana-2024» кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
10 күн аралығында (16-28 мамыр 2024 жылғы) Елорданың 15 алаңында келесі құзыреттіліктер бойынша көшбасшылар анықталады: кірпіш қалау, прототиптеу, кондитерлік іс, ақпараттық кабельдік желілер, жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу, мейрамханалық сервис, дәнекерлеу технологиясы, желілік және жүйелік басқару, наубайхана ісі, сандық бағдарламалық басқару станоктарындағы токарлық жұмыстар, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, инженерлік графика CAD, бизнеске арналған IT шешімдер, шаштараз өнері, аспаз ісі, веб технологиялар, графикалық дизайн, сән технологиясы, мобильді робототехника, бастауыш сыныптарда оқыту, шанақты жөндеу, мобильді қосымшаларды әзірлеу, өнеркәсіптік автоматика, мехатроника, сантехника және жылыту, электр құрастыру, қыш тақтаймен қаптау, әрлеу және сәндік жұмыстары, ағаш ісі, кәсіпкерлік, сандық бағдарламалық басқару станоктарындағы фрезерлік жұмыстар, E-mobility, қонақ үй әкімшілігі, флористика, компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу, мобилография, интернет- маркетинг, мектепке дейінгі тәрбие, дене тәрбиесі және спорт, бейнемонтаж, бұлттық бағдарламалау, электровозды басқару, теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару, (BIM) ақпараттық модельдеу технологиясы, жиһаз өндірісі және т.б.
Біздің колледж келесі құзыреттіліктер бойынша қатысты:
1. Аспаз ісі (жетекшісі-Елеусізова Бақыт Мұхаметқалымқызы, конкурсант-Исламов Руслан Рустам угли);
2. Графикалық дизайн (жетекшісі-Кенжакынова Айнұр Кәрімқызы, конкурсант-Зияда Әбдірахман Болатұлы);
3. Сән технологиясы (жетекшісі - Нұрумова Гүлнара Нұрбайқызы, конкурсант - Адамова Гаухар Айдынқызы);
4. Мобильді робототехника (команда) (жетекшісі-Томпакаева Назерке Ғабитқызы, конкурсант-Жулаев Жандаулет Жанғожайұлы);
5. Қонақ үй ресепшионисті (жетекшісі-Өтеева Балнұр Дінмұхаметқызы, конкурсант - Қазбеков Данияр Нұрланұлы);
6. Дене тәрбиесі және спорт (жетекшісі-Жұмағұл Ернұр Сенбайұлы, конкурсант-Қуанышбай Бексұлтан);
7. Бейнемонтаж (жетекшісі - Хайса Укижан, байқауға қатысушы-Қымбат Расул Берікболұлы).
Осы аталған құзыреттіліктерден «Графикалық дизайн» бойынша Кенжакынова Айнұр Кәрімқызының жетекшілігімен конкурсант - Зияда Әбдірахман Болатұлы «Үздік маман» медальонын иеленді.
«WorldSkills Astana-2024» IX қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары алтын, күміс, қола медальдармен және құрметті медальдармен марапатталды, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен колледждердің әлеуметтік серіктестері бағалы сыйлықтарды табыс етті.