КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Отделение "Бизнеса и технологии"

«Бизнес және технологиялар» бөлімі


Бөлімде төменде көрсетілген 5 мамандық бойынша мамандарды даярлау жүргізіледі:
- Туризм (салалар бойынша);
- Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- Қаржы (салалар бойынша);
- Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша);
- Тамақтандыру кәсіпорындары тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру.


Мамандық – «Туризм (салалар бойынша)»

Студент бітіргенен кейін «Менеджер» біліктілігін алады. Аталған біліктілік мамандары еңбек нарығында сұранысқа ие болып табылады. Олар менеджер, гид-аудармашы, экскурсия жетекшісі, әкімші, аниматор болып жұмыс істей алады. Колледж түлектері туристік салаларда жұмысқа табысты орналасады.


Мамандық – «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру»

Студент бітіргенен кейін «Супервайзер (ауысым басшысы)» біліктілігін алады. Менеджердің кәсіби қызметінің нысандары қонақ үй кешендері, туристік фирмалар болып табылады. Еліміздің танымалдығының жоғарылауына байланысты астанаға келуші туристер ағынының өскендігінен осы мамандыққа деген сұраныс жыл санап артып келеді. Колледждің бұрынғы жылдардағы түлектері негізінен «5 жұлдыз» санатындағы қонақ үйлерде жұмыс істейді.

Мамандық – «Қаржы (салалар бойынша)»

Студент бітіргенен кейін «Қаржы жұмысы бойынша экономист» біліктілігін алады. Аталған сала мамандары кез келген меншік нысаны бойынша бухгалтерияларда, ірі фирмалар мен банктерде, мемлекеттік мекемелердің экономикалық жоспарлау және талдау бөлімдерінде жұмыс істей алады. Қаржы мамандығы бойынша колледж түлектері жоғары сұранысқа ие мамандар қатарына жатады.

Мамандық – «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)»

Студент бітіргенен кейін «Стандарттау технигі» біліктілігін алады. Стандарттарды сақтау кез келген кәсіпорынның тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Оқыту барысында білім алушылар өндіріс технологиясы, аспаптарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалануға беру, пайдалану, оларға қызмет көрсету техникасы бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларға ие болады. Колледжді бітіргеннен кейін түлектер өнеркәсіптік компанияларға, азық-түлік өнімдерін өндіру, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, оқу орындарының зертханаларына жұмысқа орналасады.

Мамандық – «Тамақтандыру кәсіпорындары тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру»

Студент бітіргенен кейін «Техник-технолог» біліктілігін алады. Техник-технолог – түрлі тағамдар, салаттар, жеңіл тамақтар дайындау өнерін жақсы меңгерген маман. Бізде мәзір құру, үстелге тағамдар мен ыдыстарды әдемілеп қою, карвинг (көкөністер мен жемістерді пішінді ою) өнеріне және тағы басқа да дастарханды әсемдеу әдістеріне үйретеді. Колледж түлектері тамақ дайындау технологы және/немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өндірісін ұйымдастырушы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары менеджерлері болып жұмысқа орналасады, мейрамханалар, кафе, асхана және барлардың шеф-аспазшылары бола алады.