КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Отделение "Дизайна и технологии"

«Дизайн және технологиялар» бөлімі

Бөлімде 4 мамандық бойынша оқыту жүргізіледі:

- Дизайн (бейін бойынша);
- Мұнай және газды өңдеу технологиясы;
- Тігін өндірісі және киімді үлгілеу;
- Сәулет өнері.


Мамандық – «Дизайн (бейін бойынша)»

Студент оқу соңында «Дизайнер» біліктілігін алады. Бұл біліктіліктің мамандары еңбек нарығында сұранысқа ие. Олар көркемдеуші-суретші, дизайнді оқытушы, графикалық суретші, жобалаушы, дизайнер, интерьердің, жиһаз фабрикасының, фирмалардың, дүкендердің, баспалардың, жарнама агенттіктерінің, фото салондардың, архитектуралық ортаның дизайнері, арт-дизайнер, макеттік дизайнер болып жұмыс істей алады. Колледж түлектері табысты жұмыстарға орналаса алады.


Мамандық – «Мұнай және газды өңдеу технологиясы»

Студент оқу соңында «Техник-технолог» біліктілігін алады. Мұнай-газ өңдеу компаниялары, мұнай-химия өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, сақтау және сату бойынша фирмалар «Техник-технологтың» кәсіби объектісі болып табылады. Колледж түлектері сұранысқа ие мамандардың қатарына жатады.


Мамандық – «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»

Студент оқу соңында «Модельер-конструктор» біліктілігін алады. «Модельер-конструкторлар» үлгілер жасайтын ұйымдарда, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында, өнеркәсіптік тігін бірлестіктерінде, сән үйлері мен студияларында, ательелерде, фабрикаларда қызмет істей алады. Тігін өндірісі және киімді модельдеу мамандығы бойынша «Модельер-конструктор» біліктілігі бар колледж түлектері жоғарыда аталған компаниялар мен фирмалар үшін өте қажетті мамандар болып есептеледі.

Мамандық – «Сәулет өнері»

Студент оқу соңында «Техник-жобалаушы» біліктілігін алады. Колледж түлектері әдетте бас сәулетшіге көмекші болып орналасады. Бірақ, олар талаптанса 5-7 жылдың ішінде көмекші архитектордан жетекші маманға, бөлім және басқарма бастығына, тіпті бас сәулетші лауазымына дейін жете алады. Қазіргі заманда сәулетші мамандығы өркениетті әлемде өте-мөте қажетті мамандықтардың қатарына жатады. Дамып жатқан құрылыстар, дизайн және сәулет салаларына деген қызығушылықтар, әдемі және жаңаша өмір сүру орталарын жасауға сұраныстар осы мамандықтың беделін арттыруда.