КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Отделение "Общеобразовательных дисциплин и информационных технологии"

«Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» бөлімі


Бөлімде төменде көрсетілген 4 мамандық бойынша мамандарды даярлау жүргізіледі:
- Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша);
- Дене тәрбиесі және спорт;
- Құқықтану
- Құқық қорғау қызметі.

Мамандық – «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)»


Студент колледжді бітіргенде «Техник-бағдарламашы» біліктілігін алады.
Техник-бағдарламашы – бұл әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда қызметкер ретінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, түрлендіру, бейімдеу, күйге келтіру және сүйемелдеу бойынша кәсіби жұмысқа дайын маман.
Өнеркәсіп, банк ісі, білім беру, сауда, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар енді, бұдан былай, ешқашанда ақпараттық жүйелерсіз жұмыс істей алмайды.
Қоғамның әр саласындағы адамның тіршілік әрекетінің түрлері сан қилы болып келеді, сондықтан да біз ақпараттық жүйелер бойынша мамандарды да қолдану бағыттарына сәйкес даярлаймыз.
Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар әрдайым сұранысқа ие болып қала беретініне сеніңіздер!

Мамандық – «Дене тәрбиесі және спорт»

Студент колледжді бітіргенде «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігін алады.
«Дене тәрбиесі және спорт» кәсіби мамандығының нысандары негізінен әр түрлі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері болып табылады.
«Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешу арқылы тәрбиеленушілердің физикалық және моральдық қасиеттерін дамытуға, олардан жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
«Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» көбінде жасөспірімдер арасынан спортқа бейімді таланттарды алғашқы болып анықтайды, даңқты спортшылардың тұңғыш жаттықтырушылары болып табылады.

Мамандық – «Құқықтану»


Студент колледж бітіргенде «Заңгер» біліктілігін алады.
Біз әртүрлі мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар үшін құқық саласындағы қызметкерлер ретінде «Құқықтану» мамандарын даярлаймыз.
Адамдар баяғы замандардан-ақ әртүрлі ережелер мен нормаларды ойлап табуға, әзірлеуге, жасауға ұмтылды.
Адамзат қоғамы заң үстемдігі салтанат құрған жағдайда мінсіз болады! Біз, өз түлектеріміздің елімізде және әлемде заң үстемдігі салтанат құрған қауымдастықты қалыптастыруға белсенді түрде қатысатынына сенеміз!

Мамандық –«Құқық қорғау қызметі»


Студент колледж бітіргенде «Заңгер» біліктілігін алады.
Біздің түлектер ішкі істер, қаржы полициясы, прокуратура, қылмыстық-атқару жүйесінің, кеден, өртке қарсы қызмет органдары мен ұйымдарында жұмыс істей алады.
Колледждің оқытушылары біздің түлектерге республикамыздың әр азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды маман ретінде қамтамасыз етуге жететіндей білім беріп, дайындап шығарады!