Колледж туралы
Талапкер
Студенттерге
Оқу-тәрбие процесі
Оқу бөлімдері
Колледж мақтаныштары
13 May 2024
Бокстан III-Республикалық турнир
Ағымдағы жылдың 9-12 мамыр аралығында жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында III-Республикалық Қ. Құлажанов атындағы ҚазТжБУ кубогына бокстан турнир өтті.
02 May 2024
«Jana Beles Fest- 2024» жастар шығармашылық фестивалі
2024 жылдың 22-27 сәуір аралығында Астана қаласының орта арнаулы оқу орындары арасында «Jana Beles Fest- 2024» жастар шығармашылық фестивалі өткізілді.
29 Mar 2024
Астана қаласы колледж студенттерінің арасында Спартакиада
2024 жылдың 28 науырызында Астана қаласы колледж студенттерінің арасында Спартакиада өтті. Жалпы қала бойынша жарысқа 24 команда қатысты. Біздің колледж ұлдар арасында баскетболға қатысып, жарыста ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
28 Mar 2024
Президенттік көпсайыс және шаңғы жарысы
Ағымдағы жылдың 28 науырызында Астана қаласы колледж студенттерінің Спартакиада бағдарламасында қысқы Президенттік көпсайыс және шаңғы жарысының марапатау рәсімі өтті.
07 Mar 2024
8 Наурыз -Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
29 Feb 2024
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша WorldSkills байқауы өтті
2024 жылдың ақпан айының 28-29 күндер аралығында «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледж студенттері арасында "WorldSkills" стандартына сәйкес «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша жарыс өткізілді.
24 Feb 2024
Колледждің алғашқы әскери дайындық пән оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерімен кездесу өтті.
12 Feb 2024
ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Студенттерге нақты мысалдар келтіре отырып, қылмыстық заңнаманың нормалары туралы жеткізілді. Ашық диалогқа 30-ға жуық студент қатысып, оларға буллинг, кибербуллинг, бопсалау және жеке тұлғаға қарсы басқа да қылмыстар сияқты өзекті тақырыптарға баса назар аудара отырып, бейнероликтер көрсетілді.
08 Feb 2024
Колледж оқытушыларына арналған «Білім берудегі инновация» атты оқу-әдістемелік семинар өтті
2024 жылдың 8-ақпанында директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары мен колледж әдіскерінің ұйымдастыруымен білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін әлемдік білім кеңістігінде қолданылатын инновациялық үдерістерді меңгерту арқылы жан-жақты дамыған ұстаз болуға жол ашу мақсатында «Білім берудегі инновация» атты оқу-әдістемелік семинар өтті. Семинарда екі бағыт қарастырылды. Біріншіден, оқыту мақсатына жетудегі тиімді әдістер, екіншіден, білім беруде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы педагогтың жұмысын жеңілдетуге арналған әдістер.
Іс-шарада колледж
08 Feb 2024
Қылмыстық істер жөніндегі аудандық сот
2024 жылдың 7 ақпан күні Құқықтану-2101, Құқытану-2201 топтарын арнайы пәндер оқытушысы А Ж.Бижанова Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аудандық сотқа студенттермен тәжірибе алмасу процесін өткізді.
Өткізу мақсаты: құқықтану мамандығы бойынша алып жатқан теориялық білімдерін тәжірибелік процесте байланыстыру болды.
Мамандармен кездесу барысында студенттердің өз мамандығына деген қызығушылықтарының артқандығын байқауға болада.
07 Feb 2024
Ағымдағы жылдың ақпан айының 6 жұлдызында өткен «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты Астана қаласы колледж студенттері Спартакиадасы шеңберінде шаңғы жарысы өтті.
Жарысқа елорданың 8 колледжінен 32 студент қатысты.
Командалық есепте колледж командасы ІІІ орынға ие болса, жекелей есепте ІІІ орынды ФиС-2202 тобының студенті Фрик Данил жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
01 Feb 2024
2024 жылдың 1 ақпаны күні колледж қабырғасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес «ТжКББ-дегі медиация» жобасы аясында колледж директорларының орынбасарларына, әдіскерлерге арналған «Жұмысты жақсы көңіл-күймен атқару және күйзеліске ұшырамау үшін ресурстарды қайдан аламыз?» тақырыбындағы қауымдастық шеңбері өтті.
Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтерге медиация туралы ақпарат беру, қауымдастық шеңберін өткізу арқылы педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету. Қауымдастық шеңберіне қатысушылар педаго
31 Jan 2024
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері
2024 жылғы 30 қаңтарда «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің оқытушылары педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық іс-әрекетті талдау және зерттеушілік мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Астана қ. Білім басқармасының, Астана қ. Әдістемелік орталығы мен Сервис және туризм колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
...28 Jan 2024
Президенттік мәдениет орталығы музейіне экскурсия
2024 жылдың 25-26 қаңтар күндері Президенттік мәдениет орталығы музейінде колледжіміздің 1 курс ПО-2301 және ТППП-2303 топ студенттеріне жақын арада өзектендіріліп жаңа мазмұнға ие болған экспозициялар көрсетіліп, шолу экскурсиялары өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер қазақ мемлекеттілігінің үздіксіз дамуы, жоғарғы биліктің институционалдық негіздерімен және оның дамуы жайлы баяндайтын экспозициялық материалдармен, жәдігерлермен егжей-тегжейлі танысты.
22 Jan 2024
9-желтоқсан күні Жетісу өлкетанушылар одағы Жетісу облыстық білім басқармасымен және Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып Талдықорған қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия КММ-де Қазақстанның тәуелсіздігіне арнап «ЖЕТІСУ ӨНЕРІ» атты халықаралық көрмеге өткізді. Аталған көрмеге "Кескіндеме", "Сәндік қолөнер", "Графика" және "Дизайн" саласынан шығармашылық жұмыстарымен қатысқаны үшін Мухамедрахим Елубайұлы Мешелов сертификатпен марапатталды.
14 Jan 2024
2024 жылдың 11 қаңтар күні колледж директоры мен «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің ұйымдастыруымен «Денсаулық күніне» орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында колледж оқытушылары арасында волейболдан турнир өтті. Сонымен қатар турнирде үстел теннисі бойынша ерлер мен әйелдер арасында жарыс ұйымдастырылды. Турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, колледж директоры - Динмухамет Балғабекұлы Утеевтің құттықтауымен басталды. Волейбол турниріне колледжден 4 команда қатысты:
22 Dec 2023
Студенттер білім көкжиегін кеңейтті
ҚР Президенттік орталығының ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» дәрісі өткізілді.
22 Dec 2023
«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі үшін 2023 жыл табысты әрі жетістіктерге толы жол болды. Колледж оқытушылары мен студенттерінің ерен еңбегінің арқасында колледж қоржыны көптеген жүлделермен толықты. 2023 жылдың ең маңызды жетістігі.
21 Dec 2023
Қазақстандағы ислам: тарихы, мәселелері, келешегі
ҚР Президенттік орталығының ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында 20 желтоқсанда «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің студенттеріне «Қазақстандағы ислам: тарихы, мәселелері, келешегі» атты дәріс өткізілді.